Атырау тұрғындары үш күнге ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Атырау жылу желілері" АҚ хабарлауынша, өшіру магистральдық және таратушы жылу желілерін гидравликалық тығыздық пен беріктікке жоспарлы сынақтан өткізуге байланысты.
"Жауапты жағдайларды болдырмау үшін сынақ кезеңінде жылу магистральдарының құбырларына 10 метрден жақын қашықтықта жақындамауларыңызды сұраймыз. Құбырларда саңылаулар мен үзілістер орын алған жағдайда дереу хабарлауыңызды сұраймыз", делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу