Оған 17 қызметкер мен 8 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жедел топ 10 сағат бойы құбырдағы ақауды жөндеуге жұмылдырылды. Диаметрі 426 мм, жалпы ұзындығы 3045 метрді құрайтын магистральдің бір бөлігі тесілген.
Оқиғаның салдарынан кеше түстен бастап "Нұрсая" ықшам ауданындағы 87 көп қабатты тұрғын үй мен 2300 оқушысы бар №40 орта мектеп уақытша жылусыз қалған еді. Бастапқыда дәнекерлеу жұмысын жүргізу мүмкін болмады. Өйткені құбырдағы су кедергі келтірген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу