Атырауда ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды

800

Оның мүшелеріне кәсіпкерлерден ақша бопсалап, ұрып-соғу жолымен өндіріп алып отырған деген айып тағылуда.  

Атырауда ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды

Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері өңірде жүргізілген арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады. Оның мүшелеріне кәсіпкерлерден ақша бопсалап, ұрып-соғу жолымен өндіріп алып отырған деген айып тағылуда. Сондай-ақ, олардың халықаралық қылмыстық топтармен байланысы болуы мүмкін деген күдік бар. Бұл жөнінде аталған мекеменің сайтында жарияланған.

Әзірге белгілісі, ұйымдасқан топтың құрамына спортшылар және болжам бойым бойынша теріс діни ағымның мүшелері кіреді. Қазір барлығы бес адам қолға түсіп отыр, олардан бес суық қару оқ-дәрілерімен бірге табылған. Шамамен топтың белсенді мүшелері саналатын бес адамның үшеуі уақытша оқшаулау изоляторына қамалған, екеуі куәгер ретінде өтуі мүмкін. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде.

Құралай Қуатова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу