Атырау облысында үлестік құрылысқа салынған инвесторлар баспанасыз қалды

382

Құрылыс компаниясы 30-дан аса азаматтың қаржысын заңсыз иемденген.

Атырау облысында үлестік құрылысқа салынған инвесторлар баспанасыз қалды Фото: inbusiness.kz

Атырау облысында "Nazik group" ЖШС және "Андорра Констракшн" ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 млн теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деп күдіктелуде, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Күдіктілердің әрекеттерінің нәтижесінде үлескерлер 2 жыл бойына баспананы алмаған.

Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынды.

Өз кезегінде, облыс прокуратурасы "әрбір азамат қырағылығын білдіру тиіс және объективті хабардар болу үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгіну қажет" екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу