Атырауда ұлттық киім шеруі өтеді

117

Атырауда 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай қала тұрғындарының қатысуымен ұлттық киім шеруі өтеді.   

Атырауда ұлттық киім шеруі өтеді Фото: azh.kz

Шеру Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз күні сағат 16:00-де Ту тұғырынан бастап, Исатай-Махамбет алаңына дейін өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақжайық" газетіне сілтеме жасап.

"Қала тұрғындарын ұлттық киім киіп, отбасымен, балаларымен, ата-әжелерімен бірге осы ерекше шараға қатысып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге шақырамыз", – деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.  

Шеру мерекелік концертпен жалғасады.

Ұлттық киім шеруі Атырау қаласында алғаш рет 2023 жылы 1 маусымда өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу