Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі опырылып түсті

167

22 сәуірде Атыраудағы Халел Досмұхамедов атындағы университеттің апатты деп танылған жатақханасының бір бөлігі құлады.  

Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі опырылып түсті Фото: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Оқиға кезінде жатақханада студенттер болмағандықтан, адам шығыны жоқ. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іргетасы ескіріп, апатты деп танылған № 2 жатақхананың 5 қабатты ғимараты 1972 жылы салынған. 

"Университеттің шаруашылық бөлімі 2022 жылдың қараша айында № 2 жатақханадағы 1-қабатының қабырғасында ақаудың пайда болғанын анықтады. Осы жағдай анықталған соң мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жатақхананың техникалық қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге конкурс жарияланды. 2023 жылғы 21 ақпандағы № 138 келісімшартқа сәйкес "PFA compani" ЖШС техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ғимараттың апатты жағдайда екені расталды. Студенттердің бәрі басқа жатақханаларға көшіріліп, орналастырылды", – деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Қазір Атырау облысында апатты жатақхананың ғимаратын cүріп, орнына студенттерге арналған 1000 орындық жатақхана салу жұмыстарына дайындық басталды. Облыстың құрылыс басқармасы қажетті жобалық-сметалық құжаттама әзірледі. Ал, жаңа жатақхананың жобалаушысы ретінде "Авангард ОК" ЖШС белгіленген және жоба қазіргі уақытта қажетті сараптамалардан өту үшін жолданды.

"Апатты деп танылған № 2 жатақхана айналасы қоршалған. Жатақхананың құлағанынан ешкім зардап шеккен жоқ", – деді университеттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу