Атырауда үш оқушыдан қызылша анықталды

626

Олар онлайн білім алады.

Атырауда үш оқушыдан қызылша анықталды Фото: gov.kz

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Сәдуақасова мәліметінше, аталған мектеп оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

- Жаңаталап ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектебінің 5 сыныптан - 1 баладан, 3 сыныптан - 2 оқушыдан қызылша ауруының белгілері анықталды. Осыған байланысты 3 сынып пен 5 сыныпты 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында қашықтықтан оқыту форматына көшіреміз деп шешім қабылдадық. Өйткені, дизенфекция мен тазалық жұмыстары жүргізілу керек,- деді Г. Сәдуақасова. 

Жалпы биыл Атырауда 2 наурыз – 24 сәуір аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 15 жағдай тіркелген. 

— Оның ішінде алтауынан қызылша ауруы зертханалық жолмен дәлелденді. Ал 4 жағдай бойынша зертханалық тексеру қорытындысы теріс нәтиже берді. 5 жағдайға байланысты зерттеу қорытындысы жүргізіліп жатыр. Оған қоса науқастармен қарым-қатынаста болған 216 адам медициналық бақылауда. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 7 адамға қызылшаға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілді.Санитарлық–эпидемиологиялық тексеру жалғасуда, деді Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу