"Атырау облысы су арнасы" КМК 2 ақпанда Д-560 мм магистральды су құбырындағы апатты қалыпқа келтіру жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр.
"Осыған байланысты 2 ақпанда таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Атырау қаласының "Нұрсая" шағын ауданындағы №2, 3, 5 жылу пунктілеріне салқын су беруді уақытша тоқтату жөнінде шешім қабылданды. Сол себептен аталған шағын ауданның Нарембаев көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен нысандарға салқын су берілмейді", – деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу