Құзырлы органдар кеше Атырауда ұшақтың неге шұғыл қонуға мәжбүр болғанын тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Атырау" халықаралық әуежайы техникалық қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтаннан жолға аттанған "Эмбраер" ұшағында діттеген жерге жетуге аз қалғанда дабыл іске қосылған. Ол май қысымының төмендеп кеткенін білдіретін дабыл еді. Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ төтенше жағдайға байланысты Атырау қаласының әуежайына келіп қонған. Кемшілікті жойып, аққан майды тоқтату үшін инженерлер жұмыс істейді. Басқа қалада тұратын жолаушылар қонақ үйге орналастырылған.
КС984 рейсімен Атыраудан Нұр-Сұлтанға жолға шыққан барлық жолаушылар бүгін басқа рейспен діттеген жеріне жеткізіледі.