Атырауда вакцина алғандар арасында туристік жолдама ойнатылады

759

"Тамаша"  сауда орталығының әкімшілігі Сovid-19-ға қарсы екпе алғандар  үшін бұрын-соңды болмаған акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.  

Атырауда   вакцина алғандар арасында  туристік жолдама ойнатылады

"Әрбір екпе алушы лотерея билетін алып, тіркеуден өтеді. 15 тамызда акцияның қорытындысы шығарылып, жеңімпаз жарияланады. Ол Грузияға туристік жолдама алады" – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде өңірде 41 вакцинация пункті жұмыс істейді. Вакциналардың қай пунктте барын алдын ала 98-02-92  колл-орталықтың нөмірі арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу