Атырауда вакцинацияның алғашқы күні 135 адам екпе алды

1013

Атырау облысы бойынша вакцинацияның бірінші күні 135 адам COVID-19-ға қарсы екпе алды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырауда вакцинацияның алғашқы күні 135 адам екпе алды

55 адам – № 3 қалалық емханада, 70 адам – Геолог емханасында және 10 адам № 2 облыстық ауруханада екпе салдырды. Екпе алынғандардың бәрі өздерін жақсы сезінді. Денсаулықтары қалыпты. Жанама ешқандай әсері байқалған жоқ",– дейді басқармадан.

Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 24 алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарында халықты вакцинациялау үшін орындар жабдықталған. Оның 15-і мемлекеттік ұйымдар, қалғаны – жекеменшік медициналық мекемелер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу