Атырауда ыстық су тағы тоқтады

305

Мұндай үзіліс 14 шілдеге дейін жалғасады.  

Атырауда ыстық су тағы тоқтады Фото: Ак Жайык

Атырауда ыстық су беру тағы 4 күнге тоқтатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Күрделі жөндеу жоспарының кестесіне сәйкес үш жылу пунктінің жабдықтарына тексеру жүргізіледі. Осыған байланысты "Атырау жылу жүйелері" АҚ 10 шілдеде ыстық су беруді уақытша тоқтатады. Ыстық су 14-шілдеден қайта беріле бастайды", деп хабарлады кешеннің баспасөз қызметі.

 "Жарық" орталық жылу пункттінен Азаттық көшесіндегі №102, 104, 106, 108, 110, 112а, 114, 116, 118, 120, 122, 124, 126, 130, 131а, 132, 133б, 134, 136, 138, М.Әуезов көшесінде орналасқан 55, 57, 59, 61, 63, 63а, Алтай көшесіндегі 1, 3, 5, 7, 9 мекенжайындағы үйлерге ыстық су берілмейді. Ал, "Егоров атындағы" жылу пунктінен "Вокзал маңы-3а" шағын ауданындағы №1а, 2а, 4а, 5а, 6а, 7а, 8а, 10а, 11а, 14, 14а, 15а, 16а, 17а, 18а, 19а, 20а, 21а, 22а, 25а, 26а, 27а, 51а, 52а, 53а үйлердің тұрғындары ыстық сусыз отырады.

Сондай-ақ, "Экспериментальный" орталық жылу пунктінен "Сары-Арқа" шағын ауданындағы №28, 29, 30, 31, 32, 33, 35, 37, 38, 39, 40, Қ.Сәтпаев көшесіндегі №13 үйге ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу