Атырауда ыстықтың беті қайтпай тұр

1390

"103" қызметіне жүгінгендер саны көбейді 

Атырауда ыстықтың беті қайтпай тұр

Атырауда аптап ыстық. Соған байланысты жедел жәрдем шақыру жиілеп, жедел респираторлық аурулар саны өсіп отыр, – деп жазады inbusiness тілшісі. 

"Егер бұған дейін тәулігіне орташа есеппен 750-800 шақырту келіп түссе,  аптап ыстықта шақыртулар саны 950-ге дейін өсті. Демалыс күндері облыс тұрғындарынан түскен қоңыраулар 1100-ге жетті. Негізінен, артериялық гипертониясы, сондай-ақ, инсульттан кейінгі асқынулары бар тұрғындар көп  шағымдануда", – дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Бұдан бөлек, жедел респираторлық аурулар санының күрт өсуі байқалған. Дәрігерлер оған бөлме температурасының салқындатқыш әсерінен өзгеруі мен тұрғындардың салқын суды көп ішуі себеп болып отырғанын айтуда.  

Өз кезегінде "Қазгидромет" мекемесі қазіргі ыстыққа Иран аудандарынан келетін құрғақ және ыстық ауа массалары себеп болып отырғанын айтып, елдің батысындағы қатты ыстық шілде айының басында шамалы уақытта қайтады деп болжайды. Оған сәйкес, шілде айының алғашқы күндері нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, ауа көрсеткіші күндіз 27-35, түнде 17-22 градусқа дейін төмендемек. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу