Іс-шара барысында Атырау қаласында "Кәусар" тұрғын-үй кешенінің құрылыс аумағында жұмыс істеп жүрген шетелдіктердің заңсыз еңбек етіп жүргені анықталған. Тексеру кезінде олардың еңбек қызметтерін жүзеге асыруға арналған рұқсат қағаздарын рәсімдемегені белгілі болыпты.
"Қазіргі уақытта 16 Өзбекстан Республикасының азаматтарының жеке бастарын анықтау үшін Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына тапсырылды",– деп жазылған таратылған хабарламада.
Айта кету керек, шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қон фактілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу.