Атырауда заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды

489

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Атырауда заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды Фото: polisia.kz

6 қарашада Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңірлік ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, қаруды заңсыз сақтаған 24 жасар қала тұрғынын анықтады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, ер адамның гаражынан 2 бірлік қос ұңғылы және 1 бірлік аңшылық мылтық, 2 бірлік атыс қаруы, резеңке таяқ, тапаншаның бөліктері және электрошокер тәркіленді.

Күдікті ұсталып, тәркіленген заттай дәлелдемелерге баллистикалық зерттеу тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу