Атырауда заңсыз қару ұстаған 30 адам анықталды

640

Бас-аяғы 1 500 қару иесі тексерілген. 

Атырауда заңсыз қару ұстаған 30 адам анықталды
>Атыраулық полицейлер қаруды сақтау және тасымалдау тәртібін бұзған 30 тұлғаны анықтады. Қазіргі күні олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қарулары тәркіленген, – деп жазды inbusiness.kz тілшісі.
 
Атырау облысы аумағында атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды ашу және алдын алу, сондай-ақ қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеріп, олардың қаруды пайдалану, ұстау және сақтау талаптарын орындауын тексеру мақсатында 14-25 қараша аралығында "Қару-2021" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
 
Шара барысында заңсыз айналымдағы атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды анықтау және алу жүзеге асырылады. Сонымен қатар қалада, жеке қожалықтарда азаматтардан заңсыз айналымнан атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды анықтау және алу жүргізілуде. Қару иелері тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, олардың қаруды пайдалану, ұстау және сақтау талаптарын орындауы қадағалануда. Барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша заң талаптары мүлтіксіз орындалып, заң бұзушылардағы қарулар мен оқ-дәрілер тәркіленіп әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 
 
"Шараның 4 күнінде заңсыз айналымнан бір қару мен 14 дана оқ-дәрісі тәркіленді. 1 500 қару иесі тексеріліп қару сақтау, тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 30 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қарулары тәркіленді", – дейді Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Құралай Қуатова
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу