Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын бас бостандығынан айырылды

694

Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын бас бостандығынан айырылды

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ол салық органына тіркелмей, заңсыз букмекерлік қызметпен айналысқан. Қажетті компьютерлік құрылғыларды сатып алып, Атырау қаласындағы Нұрсая ықшам ауданында бәс тігетін ойындар ойнауға мүмкіндік жасаған.

Қылмыстық істі басты сот талқылауында қарау барысында сотталушы және адвокаты кінәні мойындау туралы процестік келісім жасақтады.

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен сотталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу