Атырауда заңсыз жүрген 15 шетелдік депортацияланды

126

Оларға Қазақстанға 5 жыл мерзімге кері кіруге тыйым салынды.  

Атырауда заңсыз жүрген 15 шетелдік депортацияланды Фото: polisia.kz

Атырауда заңсыз жүрген 15 шетелдік ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облысы аумағында соттың Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығару туралы шешімдерін орындаудан жалтарып жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ шетел азаматтарының көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында көші-қон қызметі бөліністері кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Заң бұзған шетелдік 15 азамат Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан "Тәжен-авто" бақылау-өткізу бекеті арқылы ел аумағынан тысқары шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу