Атырауда зейнеткерді тонаған ұрылар ұсталды

513

Атырауда зейнеткерді тонаған ұрылар ұсталды

Атырауда зейнеткерді тонаған екеу ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскүнемдер тапа-тал түсте Тұрғындар қалашығы ықшам ауданындағы пәтерлерінің бірінің қоңырауын басып, ішке енген. Олар есігін ашқан 71 жастағы зейнеткерге күш көрсетіп, ақшасын, ұялы және радио телефонын, алтын алқасы мен сырғасын алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу жедел тобы құрылып, іздеу жүргізілген.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көп ұзамай күдіктілер ұсталды", – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев.

Тексеру барысында қылмыстық әрекеттердің салдарынан азаматшаға 479 000 теңге көлемінде залал келтірілгені, сонымен қатар күдіктілердің біреуінің бұрын ұрлық қылмысы үшін сотты болғаны анықталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 191-бабының 3-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу