Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейі 4 сағат сайын өлшенеді

252

Бүгін су деңгейі 409 см-ге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейі 4 сағат сайын өлшенеді Фото: Атырау облысының әкімдігі

"Қазгидромет" РМК Атырау олыстық филилалының инженер-гидрологы Людмила Приданованың айтуынша, мамандар судың көтерілу деңгейін, ағысын, тереңдігін, жайылу енін өлшейді. 

"Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғаннан бері Жайық өзенінің деңгейін 4 сағат сайын өлшеуге кірістік. Түрлі өлшем алынғаннан кейін судың орташа есеппен секундына қанша текше метр көлеммен ағатыны есептеледі. Бақылаушылар қорытынды есепті "Қазгидромет" орталығына тапсырады. Содан соң гидрогеологиялық бюллетень жасалады. Бүгін, 21 сәуірде Атырауда Жайық өзеніндегі судың деңгейі 409 см-ге жетті", -дейді Людмила Приданова. 

Оның айтуына қарағанда, Оралдан Атыраудан жеткенше, Жайық өзеніндегі су жайылма мен каналдарға шығады. Осылайша, су ағысы да, көлемі де азаюы мүмкін. 

Еске сала кетелік, бұған дейін ауыр жүк кранының операторы Жайық жағасын бекіту үшін күніне 12 сағат жұмыс істейтінін айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу