Атырауда Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр

229

Бұл туралы Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК өкілдері мәлімдеді. 

Атырауда Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр Фото: Атырау газеті

Атырауда Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Гидрологиялық мониторинг бойынша мына деректер тіркелген:

"- Индербор кентіндегі гидропостта су деңгейі 21 сантиметрге дейін көтерілді. БҚО тарапынан судың келуі есебінен су тасқыны басталғалы бері жалпы су деңгейі 264 сантиметрге көтерілген,

- Махамбет кентінде су деңгейі 37 сантиметрге көтерілді, су тасқыны басталғалы бері жалпы судың көтерілу деңгейі - 260 сантиметр,

- Атырауда су деңгейі тағы 27 сантиметрге көтерілді, су тасқыны басталғалы бері жалпы судың көтерілу деңгейі 121 - сантиметр. Ал жалпы су деңгейі 312 сантиметрге жетті.

- 11 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу көлемі - 902 м3/с", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу