Бұл туралы Атырау облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисеннің хабарлады. Сонымен қатар ені 20 метрге ұлғайған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазір су арналарының түбін тереңдету жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Жайық өзенінен бөлініп шығатын Зарослый, Приморский каналдары мен үшінші және алтыншы өзек тереңдетілді. Бұл өзендегі тасқын судың Каспий теңізіне кедергісіз теңізге ағуына ықпал етіп отыр. Теңіздің тамағына дейін тасқын сумен ағып келген томар ағаштар жиналып қалған. Теңізден соққан жел екпіні басылғаннан кейін су кері қайтады. Сол кезде аралдар пайда болады. Ағыспен келген томарлар сол аралдарда қалып қойды. Дегенмен бұл қоқыстар тазаланады", - деді Талғат Бисен.
Жоба жетекшісі Дидар Әліповтің дерегіне жүгінсек, сағаны тереңдету 11 сәуірде басталған. Оған бастапқыда Watermaster-4 маркалы екі арнайы техника тартылған. Кейін тағы екі техника тартылып, адам саны 12-ге жетті.
Бұл сағаның ұзындығы шамамен 56 шақырым. Кейінгі 20 жылға жуық мерзімге Жайық өзеніндегі су азайып, аталған саға бітелуге шақ қалған.