Атырауда жалған екпе паспортын жасалғандар ұсталды

1548

Олар вакцинаның екі компонентін 100 мың теңгеге бағалағанн.  

Атырауда жалған екпе паспортын жасалғандар ұсталды

Атырауда екі медбике қолға түсті. Олар жүз мың теңгеге жалған паспорт жасатып келген, - деп жазды деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Қаладағы емханалардың бірінде медбике болып қызмет атқаратын 1989 және 1993 жылғы азаматшалар  вакцина алғаны туралы жалған ақпаратты жүйеге енгізумен айналысып келген. Вакцинаның әр кезеңі 50 мың теңгеге бағаланыпты. Ал екі компоненті үшін 100 мың теңге олардың банктік есепшоттарына аударылып келген. Ақшасын аударған тұрғындар емханаға келмей-ақ, екпе паспортын емін-еркін алатын болған.

"Атырау облысы полиция департаменті мен облыстық прокуратура бірлесіп жедел іс-шара жүргізу барысында медбикелердің бірі жалған ақпаратты жүйеге енгізгенін, екінші медбике құйтырқы әрекетке барып вакцина сұйықтығын адам денесіне салмағанын анықтады. Қазіргі таңда, аталған екі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 206 бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, медбикелердің нақты қанша тұрғынға жалған вакцина паспортын жасағандығы анықталуда", - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметінен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу