Атырауда жалған вакцина паспортын сатқан медбике ұсталды

975

№4 қалалық емханада заңсыз жолмен вакцина паспортын жасаған медбикенің ісі әшкереленді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда жалған вакцина паспортын сатқан медбике ұсталды

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтің айтуынша, бұл - өңірде тіркеліп отырған бірінші оқиға.

- Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тікелей тапсырмасымен жасанды вакцина паспортын жасауға жол бермеу үшін алдын алу шаралары жүргізілуде. Өңірдегі барлық екпе пункттерінде бейнебақылау камералары орнатылған. Медицина қызметкерлерімен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс облыс әкімдігі және ішкі істер департаментімен бірлесіп жасаған рейдтік шара кезінде белгілі болды.  Бұл - тек жемқорлық қана емес, халықтың денсаулығына қауіп төндірген әрекет ,- деді ол. 

Қазіргі таңда медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу