Атырауда жаңа газ турбинасының құрылысы басталды

1076

Атырауда жаңа газ турбинасының құрылысы басталды

"Атырау жылу қуат" орталығының қуаты тағы да 62 мегаватқа көбейеді. Өңірде жаңа газ турбиналық қондырғының құрылысы басталды, деп хабарлайды khabar.kz.

Күні бүгін 414 мегаватт қуат өндіретін орталық мұнайлы өңірдің қажетін артығымен өтеуде. Енді жаңа қондырғы іске қосылса, Атырау артық қуаты көрші аймақтарды қамтып, Ресейге экспорттай алады.  Газтурбина кешенінің құрылысы 2020 жылы аяқталады. "Жаңа құрылғының артықшылығы бу қазандарынан гөрі тез іске қосылып, уақытты үнемдейді", – дейді жобалаушылар. 

"Бұл турбинаның ерекшелігі – тез арада қосылып, жедел қуат беретін агрегат. Кешкі уақыттарда, таңғы уақыттарда қуат жетпей қалғанда бір түймені басып, керек электр энергиясын электр жүйесімен халыққа жеткізуге мүмкіндік болады", – дейді газ турбинасы кешені жобасының жетекшісі Сұлтан Айталиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу