Атырауда жаңа мешіт ашылып, 841 көшет егілді

902

Мүфтияттың 30 жылдығы құрметіне Атырауда мешіт ашылып, 841 көшет егілді. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда жаңа мешіт ашылып, 841 көшет егілді

"Асыл дініміздің қарашаңырағына айналған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейлі датасы аясында аймақта Қасым хан мешіті ашылды. Махамбет ауданында пайдалануға берілген жаңа мешітті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп ашты. Сонымен бірге, облыс мешіттері аулаларына 841 көшет егілді. Оның қатарында қара талдармен бірге, жеміс ағаштары да бар. Сондай ақ, орталық "Иманғали" мешітінің атсалысуымен бір көпір жөнделіп, шалғай ауылдардан 2 құдық қазылды. Бұдан бөлек, рухани идеологиялық шаралар өткізілді. Олардың қатарында хакім Абайдың қара сөздерін жатқа айтудан ​жарыс, "Қария батасы ел қазынасы" атты бата жарысы бар",– деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.​

Еске сала кетелік, мүфтияттың 30 жылдық атаулы датасына орай, облыс мешіттерінің ұйытқы болуымен аймақта көкпар ұлттық ойыны, өңірлік волейбол жарысы өтті. 4​ мәрте ​Құран жарысы, ​1 мәрте​ Азан жарысы,​ Алланың көркем есімдерін айтудан сайыс өтті.​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу