Атырауда жаңа мешіттің іргетасы қаланды

673

Атырауда жаңа мешіттің іргетасы қаланды

Атырау қаласындағы көне мешіттің бірі – "Құспан молда" мешітінің тозығы жетіп, сыйымдылығының тар болуына байланысты бұзылған болатын. Содан бері мешіттің ауласы тазаланып, құрылыс жүргізуге дайындалды.

Міне, 21 сәуір күні көптен күткен Алла үйі құрылысына негіз болып қаланатын мешіттің іргетасы құйылды. ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы бастаған атыраулық жамағат осындай қуанышты күнді атаусыз қалдырмады. Қай істі де Алланың атын атамай, қолға алмайтын салтымызбен құрбандыққа мал шалып, өкіл имам оқыған Құраннан кейін Алла тағаладан дұға тіледі.

Мешіт салу сынды Алла Тағала құзырындағы қайырлы іс басында тұрған бас имам қуаныштан толқып: "Осындай ашық аспан астында, ел аман, жұрт тынышта Алла Тағаланың аманаты, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті болған дін – Исламды еркін насихаттап, мешіт көтеруді нәсіп еткен Алла Тағалаға сансыз шүкір айтамыз. Лайым амандық болып, Ислам діні қанатын жая бергей!", – деді.

Құрбандық рәсімі бітісімен, құрылысшылар іргетас құю ісіне кірісіп, жиылған жамағат садақа асынан дәм ауыз тиді.

Алла Тағала мешіт құрылысының берекелі болуын нәсіп еткей!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу