Атырауда жаңа трансформаторлар орнатылады

742

Аптап ыстықта жарық жиі өшіп қалып тұр.

Атырауда жаңа трансформаторлар орнатылады

Атырау облысында шілденің шіліңгір аптабы аз болғандай, жылдағыдай тоқ қуатының аздығынан жарық жиі өшіп, тұрғындардың мазасын алып тұр. Биыл бұл жағдайға шыдамаған қоғамдық бірлестік үкіметке шағымданды, ал өңірдегі салаға жауапты монополист мекеме трансформаторлар мен электр желілерінің ескілігін алға тартуда, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Тоқ күшінің төмендігі, әсіресе, жері шөлейт мұнайлы аймақта аномальды ыстық орнаған күндері аса білінді. Сплит-жүйелердің үйлерді салқындатуға күші жетпегені өз алдына, тұрмыстық техникалар көптеп әстен шығып, тұрғындар наразылығын тудырған. Бұл жағдайға реніш білдірген "Батыс Тұтынушылар Альянсы" қоғамдық бірлестігі ашық үкімет порталына шағым жолдап, онда аптап ыстықтан қиналған мүгедектер мен қарт кісілердің фотоларын да көрсеткен болатын. 

Белгілі болғандай, қазіргі күні проблеманы шешу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сол мақсатта Атырау қаласына 50 трансформатор сатып алынбақ. Әзірге оның 28-і орнатылған, қалғаны қыркүйек айына дейін іске қосылмақ. Сондай-ақ, қаладан бөлек электр қуатына мұқтаж болып отырған елді мекендер де анықталып, оларды да қамтамасыз ету жолдары қарастырылуда. 

"Жалпы саны 50 трансформатор орнатылмақ. Бұл қаладағы жарық мәселесін шешеді деп күтіп отырмыз", – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлібек Мұхамбетәлиев. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу