Атырауда жаңа веложолдар шұрқ тесік болды

477

Мұны арамшөпті құрту үшін мердігер мекеме жасапты.

Атырауда жаңа веложолдар шұрқ тесік болды

Атырауда жаңадан салынған жастар саябағындағы веложолдардың шұрқ тесілгені қала тұрғындарының ренішін тудырған. Бір қызығы, жолдар әдейі жасалғандай, әр жерден мұқият ойып алынған еді. Кейін анықталғандай, расымен де мұны жасаған көше бұзықтары емес, мердігер компанияның өзі екен. 

"Жолдарды ойып тастауға себеп – арамшөп өсіп, бетіне шығып кеткен де, жолды кедір-бұдыр қылып, жүруге кедергі келтірген. Сол себепті бұл жерлерге ондай құбылысқа жол бермейтін арнайы ерітінді құйылып, жолдар қайта бітеліп жатыр", –дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Мұндай жағдай бұған дейін қаладағы "Водников", "Жаңаталап-1", "Атырау-1" ықшамаудандарында да қайталанып, ол жерлерде де арамшөп осындай әдіспен жойылған. Атап айтқанда, күн көзіне, ауаның бармағанына қарамастан  кез келген кедергіден өтетін өлермен өсімдіктің асфальтты жарып шығуына жол бермес үшін синтетикалық қаптама қолданылған. Айта кетейік, саябақтағы веложолды облыстық құрылыс басқармасының тапсырымен "БатысАльянсСтрой" ЖШС жүзеге асырған.

"Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" РМК жергілікті мұндай нысандағы жолдар сапасына жауап бермейтін болып шықты. Ал интернеттегі дерек көздерінде асфальттағы түрлі қысымның салдарынан онда болмашы сызаттар пайда болып, сол арқылы жантақтардың өсіп кететіні айтылған. Бұл құбылыс тургор деген атпен таныс. Дегенмен жол техникалық жағынан сапалы салынған жағдайда арамшөптің жер үстіне шығып кетуі үшін бірнеше жыл керек екен. Ал оның "су жаңа" жолдарда пайда болуы, әрине, ойландырады.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу