Атырауда жанармай құю станциясындағы жарылыстан төрт адам зардап шекті, деп хабарлады аймақтың төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Сағынбек Өмірзахов.
Оның сөзіне қарағанда, Атырау қаласының байланыс орталығына сағат 07: 58-де Атамбаева көшесіндегі жанармай құю бекетіндегі өрт туралы хабарлама түскен.
"Сағат 9-да өрт толығымен сөндірілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, газ-ауа қоспасы пайда болып, содан кейін станция цистерналарын толтыру кезінде жарылыс болды", - деді ол.
Жарылыстан төрт адам зардап шеккен. Олар – жанармай құю бекетінің қызметкері, жүк көлігінің жүргізушісі және өрт сөндіру бөлімінің екі қызметкері. Олар ауруханаға жеткізілді.
Полицияның жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.