Бағдаршамдар сөніп, жолдарда үлкен кептелістер пайда болды, өйткені жарық сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Бірақ, ең алдымен, қала тұрғындары АМӨЗ-нің жанып жатқан алауына назар аударды. Мұнай өңдеу зауытының мұржасынан қара түтін будақтап жатыр.
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің баспасөз қызметі Атырау уақыты бойынша сағат 17:25-те "KEGOC" АҚ тарапынан электр энергиясын берудің тоқтатылуына байланысты мұнай өңдеу зауыты толықтай жұмысын тоқтағанын хабарлады.
Атырау қаласы бойынша Дамба ауылынан, орталық шағын ауданнан Талғайыр ауылына дейінгі қаланың сол жағалау бөлігі толығымен электр энергиясынан ажыратылды.
Қазіргі уақытта АТЭО-мен 35 кВ-тан шығатын желілер қосылды, Атырау қосалқы станциясынан шығатын фидерлерді қосу жүргізілуде. Орман шаруашылығында, Авангардта және қаланың оң жағалауындағы басқа аудандарда жарық пен су сөнген еді, бірақ қазір олардың жұмысы қалпына келтірілді.