Атырауда жасырын казино жұмысының жолы кесілді (Видео)

711

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 307-бабы 1-бөлімі негізінде  сотқа  дейінгі тергеу тіркелді. 

Атырауда жасырын казино жұмысының жолы кесілді (Видео)

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі 26 қыркүйекте Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық  тергеу  департаменті  "Бүркіт" арнайы мақсаттағы жасағының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде "Бомонд" кафесінің VIP залында орналасқан жасырын казино қызметінің жолын кесті деп хабарлайды.

Ұйымдастырушылар өз  мақсаттары үшін ойыншыларды тарту арқылы пандемия кезінде карантин режимін бұзып, казино түрінде заңсыз ойын бизнесін жасырын жүзеге асырған.

Оқиға орнын тексеру барысында арнайы кенеп, ойын карталары, "Техас Холдем" покер ойынына арналған чиптер, чиптерге арналған стендтер және т. б. қылмыс құралдары табылып, тәркіленген.

Ойын фишкалары жасырын казино ұйымдастырушыларына тиесілі "Каспий Голд" карточкаларына ақша аудару арқылы сатып алынған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 307-бабы 1-бөлімі негізінде  сотқа  дейінгі тергеу тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу