Атырауда жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған есептегі сотталған қамауға алынды

584

Сотталған азамат өзіне жүктеген 100 сағат мәжбүрлі еңбек жазасын орындамаған.

Атырауда жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған есептегі сотталған қамауға алынды Фото: Polisia.kz

Атырауда жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған есептегі сотталған қамауға алынды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған Д. жаза өтеу тәртібін бірнеше рет қасақана бұзып, сот жүктеген 100 сағат мәжбүрлі еңбек жазасын орындамаған. 

Осыған байланысты пробация қызметі Атырау қалалық №2 сотына ұсыным жолдады. Сот үкімімен есептегі сотталған азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген 3 жыл 7 күн мерзімі сот қаулысымен бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. 

Сот қаулысымен тағайындалған жазасын өтеуден жасырынып жүрген сотталған азамат Атырау қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторы және Атырау қалалық ПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары ұстап, қамауға алды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу