Атырауда жекпе жектің 15 түрі бойынша спорт фестивалі өтеді

1144

Атырауда жекпе жектің 15 түрі бойынша спорт фестивалі өтеді

Спорт күніне орай "Atyrau Sport Fest 2017"  жауынгерлік жекпе-жек фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі. 
Шара 19 тамызға жоспарланған. ММА, дзюдо, самбо, жауынгерлік самбо, таэквондо, жекпе-жек,  WKF каратэ, бокс, кикбоксинг, тай боксы, панкриатион, грек-рим күресі, джиу джитсу, киокушинкай каратэ, еркін күрес жəне басқа да жекпе-жектің 16 түрінен болатын жарыста Атырау облысының ең үздік спортшылары алыс-жақын шетелдерден келетін қарсыластарымен сынға түседі.  
Мұнайлы аймаққа  Украина, Ресей, Грузия, Əзербайжан, Бразилия, Корея, Түркия, Испания, Тайланд, Польша, Бельгия, Иран, Марокко елдерінен, барлығы 16 мемлекеттен спортшылар келеді деп күтілуде. 
Шараны ұйымдастырушы, облыстық дене тəрбиесі жəне спорт басқармасының басшысы Азамат Бекеттің айтуынша, спорт фестивалі  аймақтағы спортты насихаттап, салауатты өмір салтын қамтамасыз етуге бағытталған.   
"Atyrau Sport Fest 2017" аясында көрермен бір кеште жекпе-жектің барлық түрін тамашалай алады. Фестиваль қонақтары үшін ММА бойынша жарыс кешін дайындап отырмыз – бразилиялық спортшы Фортунато Лап атыраулық белгілі спорт саңлағы Исатай Теміровпен жекпе-жекке шығады. Мұндай форматтағы шара біздің елімізде бұрын-соңды болмаған. Фестивальді жыл сайын дəстүрлі түрде өткізбек ниеттеміз. Келесі жылы Атырауда спорттық ойын түрлері фестивалі өтеді, - дейді Азамат Бекет. 
Кеш бағдарламасында отандық жəне шетелдік эстрада  жұлдыздарының концерті де бар. Көрермен лазерлі шоумен бірге Атырау облысындағы жас спортшылардың өнеріне куə болады. 
Шара  19  тамыз күні Мұз сарайында өтеді. Фестиваль 18.00-де басталады. Кіру тегін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу