Атырауда жеңіл көлік аялдамаға соғылып, алты адамды жарақаттады

901

Атырауда жеңіл көлік аялдамаға соғылып, алты адамды жарақаттады

Атырауда жеңіл көлік автобус аялдамасына соғылып,  алты адамды жарақаттады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Мекеменің дерегі бойынша,  өткен сейсенбінің кешінде "Тойота" автокөлігі  адамдар тұрған аялдаманы кеп соққан.  Апат болған жерге медициналық жедел жәрдемнің алдымен бір, кейін тағы үш бригадасын шақыртуға тура келген.

"Екі адамның жарақаты аса ауыр – бас сүйегіне, жамбасына және ішкі ағзаларына зақым келген. Тағы төртеуінің  денелеріне терең жарақат түскен. Олардың барлығы Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді", – деді басқармадағылар.

Абырой болғанда,  қаза болғандар жоқ.

Жол полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу