Атырауда жер қатынастары, сәулет және қала әкімі аппараты бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды

699

Лауазымды тұлғалар алаяқтық және өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды. 

Атырауда жер қатынастары, сәулет және қала әкімі аппараты бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды Фото: inbusiness.kz

Лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезіндегі алаяқтық әрекеттері үшін күдіктенуде.

Прокуратура бұл фактіні ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және ҚК 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркеді. Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу