Атырауда жоғалған баланың денесі Жайықтан табылды

950

Баланың өзеннің суға түсуге рұқсат етілмеген жеріне батып кеткені анықталды

Атырауда жоғалған баланың денесі Жайықтан табылды

Атырауда "Еркінқала-2" кентінде тұратын 2009 жылғы бала  маусымның 10-ы күні кешке велосипедпен кеткен күйі із-түзсіз жоғалған болатын. Содан бері жүріп жатқан іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермеген. Іздеу аясында ауданның барлық төңірегі тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрастырылды. Көп ұзамай Жайық өзенінің жағалауынан велосипед пен баланың заттары табылды.

Өкінішке қарай, баланың өзеннің суға түсуге рұқсат етілмеген жерінде батып кеткені анықталды. Атырау облыстық төтенше жағдай департаментінің жедел-құтқару жасағы арнайы техникамен және жүзу құралымен келіп, оның денесін судан шығарып алды. Төтенше жағдайлар қызметі жыл сайын ата-аналарға ұл-қыздарын ересектердің қарауынсыз суға жібермеуді, заңдастырылып, жабдықталған жерлерде ғана жүзуді ескертіп отырады, алайда, бейғамдық салдарынна болатын қайғылы оқиғалардың да жылда қайталанатыны өкінішті.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу