Атырауда жоғалған екі бала іздестірілуде

1358

Балалар бүгін таңертең Құрсай ауылы маңында жоғалып кеткен. 

Атырауда жоғалған екі бала іздестірілуде

 Атырауда жоғалған балаларды судан да құрғақтан да іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар бүгін таңертең Құрсай ауылы маңында жоғалып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, олар Жайық өзеніне баруы мүмкін, ал онда мұз өте жұқа. Балалардың екеуі де 9 жаста.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балаларды Жайық өзенінен іздестіруде. Полиция оларды құрғақтан іздестіріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу