Жұмыскер ауылы маңында сүңгуірлер жоғалған ер азаматтың денесін судан шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полиция қызметкерлеріне көмектесу мақсатында құтқарушылар 22 қаңтарда сағат 17:00-ден бастап 1968 жылы туған азаматты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Іздестіру-құтқару жұмыстары Атырау қаласы Жұмыскер ықшамауданы маңындағы Жайық өзені бойында сүңгуірлердің көмегімен жүзеге асырылған.
Нәтижесінде 22 қаңтарда сағат 19:35-те іздестірілген азаматтың денесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу