Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысындағы жоғалған отбасының ісі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Кеше ғана күдіктілер Индонезияда ұсталды. Қазіргі таңда оларды елге әкелу мәселесі шешіліп жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Халықаралық іздестіру жарияланған кезде Интерпол қызметкерлері, біздің полицейлер бірлесіп, арнайы топты құрды. Арнайы топ жұмысының нәтижесінде күдіктілер ұсталды", – деді ІІМ өкілі Мәжіліс кулуарында.
Санжар Әділовтің сөзінше, ерлі-зайыптылардың екеуі де күдікті деп танылған.
Айта кету керек, бұған дейін Атырауда жоғалған отбасы ісі бойынша күдіктінің Индонезияда ұсталғанын жазғанбыз.