Атырауда жоғалған отбасының атынан "туыстар" чатына біреу жазып отырған

553

Марқұмның інісі мұндай хабарлама күдік тудырмас үшін жіберілген болуы мүмкін дейді. 

Атырауда жоғалған отбасының атынан "туыстар" чатына біреу жазып отырған Фото: коллаж inbusiness.kz

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен отбасының туыстары қаза тапқан әйелдің атынан жіберілген соңғы аудиожазба туралы айтып берді. Жақындарының айтуынша, бұл жазба ескі болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желісіндегі парақшасында марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевпен болған әңгімесінің аудиожазбасын жариялады.

Мұқанғалиевтің сөзінше, ерлі-зайыптылардың қайтыс болған деген болжамды күнінен кейін де отбасылық чаттарға хабарламалар жіберіліп отырған. 

"Ағайын-туысқандарының топтары бар ғой. Сол жерде аудиохабарламалар жібереді ғой. Сондай жазбаның біреуін өздерінің чаттарына 7 қарашада жіберген. Күдік тудырмас үшін. Басқа біреу болғанда, білмеймін енді кім жібергенін. Қалай болғанда да, біреу жіберіп тұр. Қазіргі таңда сотканың бәрі Сұлтанда болды деп тұр ғой. Сол Сұлтан жіберіп тұрған шығар деп отырмыз ғой, басқа кім жібереді енді", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Марқұмның інісі хабарламада не айтылғанына да тоқталды.

"7 қараша жұмаға сәйкес келіп тұр ғой. "Қалайсыздар? Жақсысыздар ма? Бүгін – жұма. Ауырмаңдар, аман болыңдар" деген сияқты. Бірақ сол хабарламаны жіберіп тұр. (...) Бұрын өзі солай ағайындарының қал жағдайын сұрап тұрған екен. Сол жұма күніне сәйкес келіп тұратын жазба болып тұр ғой. Ойламасын, іздемесін ағайындары, бар, әлі жүр деген сияқты сенімде ұстап тұр ғой бізді. Наурыз болып бір жібереді, анасы болып бір жібереді", – деді марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу