Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы туралы әлеуметтік желіде ақпарат таратқан хакер Түркиядан экстрадицияланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті Ж.Н. түрлі сылтауларды алға тартып, азаматтардың ақшасын иемденген.
– Ол өзін инвестиция салуға мүмкіндік барын айтып, IT саласында оқыту, бұғатталған аккаунттарды ашып беру, қаражатты шығарып алуға көмектесу және техника сату сияқты қызметтерді ұсынып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Осылайша, бірнеше эпизод бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 13,7 млн теңгеден асқан, – деп мәлімдеді облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.