Атырауда із-түзсіз жоғалған 23 жастағы бойжеткен әлі табылмады. Оны Жайық өзенінен іздеу қайта жалғасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Із-түззсіз жоғалған бойжеткенді Жайық өзенінің түбінен іздеу 15 желоқсанда басталған. Бұл деректі Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы растады.
– Жайық өзенінен іздестіру жұмыстарын үйлестіруді Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Дидар Қажкенов пен Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ратбек Демеуберген қолға алды. Іздестіру жұмыстарына 36 құтқарушы, 1 кинологиялық есеп, 6 техника, 2 су көлігі және ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды, – деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Жоғалған бойжеткенді іздеуге оның анасы да шыққан. Іздеу операциясы аясында Жайық өзенінің жағалауы мұқият қарау қолға алынған.
– Су айдынының түбін сүзу әдісі жүргізіліп жатыр. Өзен түбін егжей-тегжейлі зерттеу үшін сүңгуірлер эхолот қолданады, – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.