Атырауда жолдағы шаңды басу үшін шашылған су күмән тудырды

1025

Оқиға Атырау-Астрахань трассасының бойындағы Исатай ауданы Исатай ауылының тұсында болған. 

Атырауда жолдағы шаңды басу үшін шашылған су күмән тудырды

Атырауда салынып жатқан халықаралық тас жолдың бойында шаңды басу үшін су шашпақ болған. Алайда ол жерден өткен жолаушылар оны "су емес, мұнай шашып жатыр" деп бейнетаспаға түсіріп алған, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Айта кетейік, оқиға Атырау-Астрахань трассасының бойындағы Исатай ауданы Исатай ауылының тұсында болған. Ол жердегі су тапшылығы жөнінде бұған дейін жазған болатынбыз. Мердігер мекеменің Нарын, Бақсай каналынан жол құрылысына су алуы малдардың жаппай қырылуына әкеп соға бастаған

Қазіргі күні бейнежазбаға байланысты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы облыстық филиалы жауап берді. Белгілі болғандай, компания аталған каналдарда су азайып кеткендіктен, оны Таңдай ауылының тұсындағы шұңқырдан алмақ болады. Алайда, шаңды баспақ болып шашқан су қоймалжың болып шығып, құрамы күмән тудырған. Сол себепті, шұңқыр суын пайдалануды тоқтатыпты. 

"Біздің мамандарымыз Исатай ауданынан жылжымалы лабараториямен бірге, талдау жасау үшін сынамалар алды. Оның нәтижесі әлі шыққан жоқ, біз ол жөнінде хабардар етеміз", - деді Атырау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз хатшысы Эльнара Оралова.

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу