Атырауда жолдың температурасы мен ылғалдылығы бақыланады

882

Биыл Қазақстан жолдарында температура мен ылғалдылықты анықтайтын 20-дан астам құрылғы /датчик/ орнатылады, деп хабарлайды  inbusiness.kz порталы.  

Атырауда жолдың температурасы мен ылғалдылығы бақыланады

Соның бірі Атырау облысына да тиесілі. Еліміздің жол саласына жаңа технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстарды қолға алған Қазақстан жол ғылыми - зерттеу институтының және ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК мамандары жол құрылымы мен топырақ негізінің температурасы және ылғалдылығын бақылау бойынша жобаны жүзеге асыруды жалғастыруда.

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Атырау облыстық филиалы директоры Б.Мұқашовтың айтуынша, қазір "Ақтөбе-Атырау" тас жолы учаскесінде 2,5 метр жол қазылып, әрбір деңгейге , әрбір 50 см сайын арнайы құрылғылар қойылды. Ол жылдың төрт мезгілінде ауа-райының өзгеруіне байланысты жолдың қалай жұмыс атқаратынына сараптама жасайды. Толық нәтиже 2-3 жылда шығады.  Былтыр Қазақстан жолдарында, атап айтқанда , "Шу айналма жолы" , "Омбы - Майқапшағай" және "Ақтөбе - Атырау" автомобиль жолдарының учаскелерінде алғаш рет температура мен ылғалдылықты бақылау жүйесі орнатылған болатын.

Құрылғылар жол құрылымдарының су-жылу режимі параметрлерін автоматтандырылған жинақтауды жүзеге асырады. Содан кейін алынған мәліметтер бақылау орталығына беріледі. Зерттеулер  ғалымдарға елдің  әртүрлі аймақтарында  климат пен жүктемені  ескере отырып салу, қайта құру және  жөндеу технологиясын түзетуге мүмкіндік береді.  Ал, бұл өз кезегінде қаржылық шығындарды айтарлықтай төмендетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу