Атырау облыстық жұқпалы ауруларды емдеу мекемесінде екі жастағы бүлдіршін мен екі айлық нәресте бір күнде көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың қазасына жұқпалы аурулардың асқынуы себеп болған. Екі айлық сәби ауруханаға іріңді менингоэнцефалиттің ауыр түрімен түскен. Дәрігерлер бөбектің өмірі үшін 6 күн күрескенімен, ажалдан арашалай алмады.
Ал екі жасар екінші қыз сепсистан, яғни инфекция қоздырғыштарының қанға араласуынан қайтыс болыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу