Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"11 мамыр күні сағат 04:21 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының автопатрульдік экипажы Наурызалиев көшесіндегі үйдің жанынан өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрді.
Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді.
Жарылыс белгілері табылған жоқ", делінген хабарламада.
Оқиға орнында қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Болған оқиғаның себеп-салдарлары анықталып жатыр.
Жәбірленушінің өтініші ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу