Атырауда журналистің көлігін өртеген ер адам сотталды

283

Күдікті 25 млн теңгеден астам шығын келтірген. 

Атырауда журналистің көлігін өртеген ер адам сотталды Фото: ашық дереккөз

Атырауда журналистің көлігін өртеп жіберген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау қаласының №2 сотында қаланың 37 жастағы тұрғыны қылмыстық кодекстің “бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бабы бойынша айыпты деп танылды.

Соттың мәліметінше, сотталушы 2023 жылдың 11 мамырында журналист Виктор Сутягиннің "Лексус" маркалы көлігін қасақана өртеп, 25 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

"Қылмыс сотталушының өзі, куәгерлер, фотосуреттер, бейнебақылау камераларындағы жазбалар және басқа да іс материалдарымен расталады. Жазаны тағайындау кезінде сот жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен өкінуін және асырауында жас балалардың болуын ескерді. Іс бойынша жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот сотталушы Ермұхановты кінәлі деп танып, 5 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – делінген сот хабарламасында. 

Айта кетейік, 2023 жылы 11 мамыр күні Атырауда белгілі журналист Виктор Сутягиннің көлігі өртенген еді. Бейнебақылау камераларындағы жазбалардан белгісіз ер адамның көлікке жақындап, капот жағында түсініксіз әрекеттер жасағаны, осыдан кейін көлік өртеніп, ер адамның адам қашып кеткені анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу