Атырауда жыл басынан бері алаяқтық қылмыстың 409 дерегі тіркелді

312

Интернет-алаяқтық қылмысына 30-50 жастағы тұрғындар алданған.

Атырауда жыл басынан бері алаяқтық қылмыстың 409 дерегі тіркелді Фото: inbusiness.kz

Атырау облысында жыл басынан бері интернеттегі алаяқтық қылмыстың 409 дерегі тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі алаяқтарға алданатындар қатары көбейгенін хабарлайды.

"Биыл басынан бері Атырау облысында 409 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Оның ішінде интернет арқылы тауар алу, қызмет көрсету түрлеріне алдын-ала төлем жасауға байланысты 314 дерек бар. Ал, жалған сілтемелер арқылы ақша қаражатын жымқырған 8, онлайн несие рәсімдеуге қатысты 39, өзгенің атына жалған аккаунттар ашқан 6 дерек анықталып отыр", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің талдауына сәйкес, интернет-алаяқтық қылмысына 30-50 жастағы тұрғындар алданған. Әсіресе, әйелдер күмәнді интернет-дүкендерден тауар сатып алған. Ал, ер адамдардың басым бөлігі kolesa.kz және өзге де интернет ресурстардағы көлік құралдары мен бөлшектерін сататын жалған хабарландыруларға алданған.

"Алаяқтар өзін полиция қызметкері ретінде құрбандарына телефон шалады. Жақын туысы, не баласы жол-көлік оқиғасына тап болғаны, басқа да заңсыз әрекеттерді жасағаны туралы хабарлап, ақша сұрауы мүмкін. Мұндай жағдайда 102 операторы арқылы ақпараттың шынайылығын тексеру керек. Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланған тауарлар жарнамасын мұқият тексерген жөн. Тауарлар үшін алдын ала төлем жасамаған жөн", - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу