Атырауда жылу мекемесі тұрғынның арызы негізінде жауапқа тартылды

1321

Аталған іс әкімшілік сотта қаралмақ. 

Атырауда жылу мекемесі тұрғынның арызы негізінде жауапқа тартылды

Атырауда "Авангард" ықшамауданының тұрғыны "Атырау жылу электр орталығы" мекемесінің заңсыз әрекетін көрсетіп, өзінің дұрыстығын дәлелдеп шықты. Қазіргі таңда монополист әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

Белгілі болғандай, аталған тұрғынның шағымы негізінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінің Атырау жылу электр орталығының заң талаптарына қаншалықты сақтап отырғанына байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Тексеру барысында орталықтың 2009 жылдан бері шағым иесімен жылу энергиясын жабдықтау қызметіне ҚР Ұлттық экономика министрінің №58 бұйрығымен бекітілген үлгілік шартқа сәйкес келісім-шарт жасамағаны анықталған. 

Тексеру қорытындысымен жылу орталығының үстінен хаттама толтырылып, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Іс ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 683 бабының 4 бөлігіне сәйкес қаралмақ. Сот шешімі департамент пайдасына шешілген жағдайда Атырау жылу электр орталығына 1600 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 4 667 200 теңге айыппұл салынбақ. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу